Аймақтар • 26 Шілде, 2019

Қызылжар ауданында  бірнеше отбасы атаулы әлеуметтік көмекті  заңсыз алып келген

362 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
Қызылжар ауданында  бірнеше отбасы атаулы әлеуметтік көмекті  заңсыз алып келген

   – Атаулы әлеуметтік көмекті пайда көргендердің заңсыз істері әшкереленді. Осы көмекті алу үшін кей адамдар  табыстарын жасырған, әдейі ажырасқан, басқа да айл-шарғыларға барған. Жуырда Қызылжар ауданындағы жұмыспен қамту орталығында жүргізілген тексеріс кезінде 1711 ереже бұзушылық тіркелді», дейді Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл агенттігі  облыстық департаментінің  бас маманы Индира Баженова.

  Оның айтуынша, тексеріс кезінде атаулы әлеуметтік көмек алып отырған үш отбасының бизнеспен айналысып, жақсы табыс табатындығы әшкереленген.  Бұл отбасылар бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына жалақыларын жасыру арқылы ең төменгі зейнетақы жарналарын аударып отырған. Енді олар осы күнге дейін алған қаржыны толық қайтаруы тиіс. Олай етпеген жағдайда қылмыстық іс қозғалады.

 Қазақстан  бойынша  екі мыңға жуық отбасы  атаулы әлеуметтік көмекті заңсыз алып келгені белгілі болып отыр.

Солтүстік Қазақстан облысы